24.10.2026

Жаңалықтар

 

 

🌟📚 «БІР ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР» 📚🌟

Мектебімізде мектеп басшысының бастауымен ата-аналарға арналған
жылдық қорытынды есеп беру жиыны өтті.

Жиын барысында оқушыларымыздың оқу жылындағы жетістіктері, түрлі байқау мен олимпиада нәтижелері, тәрбиелік және шығармашылық бағыттағы жұмыстар таныстырылды. ✨

Сонымен қатар, оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 🎤💃

Бір жыл бойы білім мен тәрбиеде биік белестерді бағындырған шәкірттерімізге сәттілік тілейміз! 🌸
Балаларымыздың жарқын болашағы үшін бірге еңбек етіп жүрген ата-аналарға алғыс білдіреміз! 🤝💐

Мектеп басшысының бастауымен ұйымдастырылған бұл есеп беру кеші — бір жылдық еңбектің жарқын көрінісі болды.

 


ББЖМ-ға дайындық жұмыстары
Мектебімізде оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Тест тапсырмалары талданып, оқушыларға бағыт-бағдар берілуде.
📈 Білім сапасын арттыру – басты мақсатымыз!


Денешынықтыру және АӘТД пән бірлестіктерінің «Салауатты өмір – жарқын болашақ» атты апталығы аясында мұғалімдер арасында «Көңілді эстафета» жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және спортқа деген қызығушылықты арттыру болды. Эстафета барысында қатысушылар түрлі қызықты әрі шапшаңдықты, ептілікті талап ететін кезеңдерден өтіп, өзара бақ сынасты.
Жарыс барысында мұғалімдер тек кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар белсенді, жігерлі, спортты серік еткен жандар екенін көрсетті. Әр команда ұйымшылдық танытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Көңілді эстафета» – достық пен ынтымақтастықтың, сергектік пен позитивтің жарқын көрінісіне айналды. Осындай шаралар ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануға үлкен серпін береді.
[14:10, 15.06.2026] lazzatisagalieva63: Сабақтастық – сапалы білімнің негізі!
Бүгін мектебімізде ерекше әрі әсерлі кездесу өтті 🤗 Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту, балалардың оқуға деген ынтасын арттыру және үздіксіз білім беру процесін қолдау мақсатында №50 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері қонақта болды 🌟
Кішкентай қонақтарымыз коворкинг орталығындағы балаларға арналған кітаптармен танысып 📖, инклюзивті білім беру кабинеттерін аралады. Сонымен қатар, домбыра және робототехника үйірмелерінің жұмысымен танысып, ерекше әсер алды 🎶🤖
Іс-шара барысында бастауыш сынып оқушылары бүлдіршіндерге арнап өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады 💃🎤
Мектеп директоры Кабира Ануарқызы бүлдіршіндерге жылы лебізін білдіріп, ақ жол тіледі 🌷
Осындай игі іс-шаралар арқылы балғындардың мектепке деген қызығушылығы артып, болашаққа деген сенімі нығая түседі деп сенеміз ✨
🤝 Ынтымақтастық – табыстың бастауы!


 

✨ «Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған» атты бастауыш сыныптар апталығы өз мәресіне жетті.
Бір апта бойы бастауыш сынып оқушылары түрлі қызықты іс-шараларға қатысып, өз білімдері мен өнерлерін, тапқырлықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Апталық барысында ұйымдастырылған сайыстар, байқаулар, қойылымдар мен зияткерлік ойындар оқушыларға ерекше әсер сыйлап, есте қаларлық сәттерге толы болды.
Кішкентай бүлдіршіндеріміз сахнада өнер көрсетіп, білім сайыстарында бақ сынап, зерттеу жұмыстарын жасап, өздерінің жан-жақты қабілеттерін дәлелдей білді. Әрбір шара – балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа жетелейтін маңызды қадам болды.
Осындай тағылымы мол апталықтың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұстаздарға, белсенді оқушыларға және қолдау көрсеткен ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Бастауыш – үлкен білім жолының алғашқы баспалдағы. Бүгінгі кішкентай жетістіктер – ертеңгі үлкен жеңістердің бастауы! 🌟
[14:10, 15.06.2026] lazzatisagalieva63: 🌸 «Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған» атты бастауыш сыныптар апталығы аясында 3–4 сынып оқушылары арасында «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Бұл байқаудың басты мақсаты – оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөзді мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту және жүрекке жылы сезім ұялату болды.

Байқау барысында оқушылар ана туралы әсерлі өлеңдерді жүрекпен сезініп, ерекше ықыласпен орындады. Әрбір шумақтан аналарға деген құрмет пен шексіз махаббат сезіліп тұрды.

Кішкентай жүректерден шыққан шынайы сөздер көрермендердің көңілін толқытып, анаға деген мейірім мен алғыстың ерекше атмосферасын сыйлады.

Ана – өмірдің шуағы, мейірімнің бастауы, әр баланың жүрегіндегі ең қымбат жан. Осындай тағылымды шаралар арқылы оқушылардың рухани әлемі байып, көркем әдебиетке деген қызығушылығы арта түседі.
Байқау нәтижесінде үздік өнер көрсеткен оқушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз! ✨

 


🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆
«EduStream JULDYZDARY – 2026» республикалық байқауында EDUSTREAM STAR номинациясының иегерлері атанған:
👩‍🏫 Ағылшын тілі мұғалімі – Альмұхаметова Гүлдана 👦 6-сынып оқушысы – Қайырбеков Рамазан
Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! 🌟
Бұл – білімге деген құштарлықтың, тынымсыз еңбектің және шығармашылық ізденістің жарқын жемісі.
Жеңістеріңіз құтты болсын! 🎉👏🌟